Екпіні 32 м/с-қа жеткен желдің салдарынан «Көкпекті ауданаралық ауруханасы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық мекемесінің үш қабатты ғимаратының 600 шаршы метр аумағы бүлінді (жалпы аумағы 1500 шаршы метр). Зардап шеккендер жоқ.
Онымен қоса, екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры (60 шаршы метр аумақта) көкке ұшты (жалпы аумағы 220 шаршы метр). Зардап шеккендер жоқ.