ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдік терушілер ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында таушымылдықтың тамырын қазған 2 жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, табиғатқа аяусыздық танытқан азаматтар Қалжыр ауылының 27 және 29 жастағы тұрғындары болып шықан. Олардан таушымылдықтың 23 түптамыры тәркіленген. Аталмыш өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгендіктен, азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.