ШҚО-да малы жоқ адамдар субсидия алған – Олжас Бектенов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында прокуратура өкілдері малы жоқ адамдарға субсидия берілгенін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Субсидия – саладағы ең жауыр мәселенің бірі. Жалғанқұжат бойынша субсидия беру тыйылмай тұр. Мысалы, прокуратура өкілдері Шығыс Қазақстан облысында малы жоқ шаруақожалықтарға субсидия берілгенін анықтады. Өзгенің малын өзінікі етіп көрсетіп, субсидия алыпкелген. Жергілікті әкімдік пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Ауыл шаруашылығы министрлігіносы мәселеге назар аударуға шақырамын. Бұл мәселені қалай шешеміз? Жыл сайынқайталанып отыр. Тыйылатын түрі жоқ», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Олжас Бектенов субсидия мемлекет ақшасы екенін айтакеліп, оны бөлген кезде көз жұма шешімқабылдауға болмайтынын айтты.

«Мемлекет ақшасын бөлген кезде көз жұмыпқарадыңыздар деген сөз. Ертеңжауапкершілік мәселесі туындағанда ақшаныаударуға соңғы болып кімнің қол қойғаны да ескеріледі. Сондықтан, мәселеге жітіқарау керек. Агенттіктің облыстық департамент басшысына аталған фактілердіпрокуратура өкілдерімен бірге зерделеуді тапсырамын. Өзге өңірлерге де осындайтапсырма. Субсидия – ең жауыр болған мәселенің бірі. Бақылауға алу қажет», -деді ол.