ШҚО-да маршруттық такси жыраға түсіп кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат  - Өскемен-Шемонаиха тасжолында халықаралық қатынастағы маршруттық такси жыраға түсіп кетіп, аударылған. Машинада 8 адам болған. Қуанышқа орай ешкім зардап шекпеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД ақпараты бойынша, көлік оқиғасы күндіз болған. ГАЗель жүргізушісі бұрылыста рульді басқара алмай, машина тасжолдан шығып кеткен.

Бұған дейін хабарланғандай, өңірде қатты көктайғақ болып, тұман түскен және жылдамдығы 28-30 м/сек болатын жел соғып тұр.