ШҚО-да майлы және жармалық дақылдар тұқымын өңдеу зауыты іске қосылады

Фото: "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ

ОРАЛ. KAZINFORM — Биыл Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында майлы және жармалық дақылдар тұқымын өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталады. 

Ол мемлекеттік инвестициялық жоба аясында жүзеге асырылады, басты мақсат-отандық тұқым шаруашылығын дамытуға және аграрлық сектордың импорттық тұқымға тәуелділігін азайту.

Жоғары технологиялық жаңа кешен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін Солтүстік пен Шығыс Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген, сапалы әрі бәсекеге қабілетті соя тұқымымен және күнбағыстың будандарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тәжірибе станциясы жоғары өнімді, ерте және тез пісетін соя сорттары мен күнбағыс будандарын шығару бағытында жүйелі түрде селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кәсіпорын элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие және күнбағыс, соя, жаздық және күздік бидай, сондай-ақ мал азықтық дақылдар сорттары мен будандарын шығарушы саналады.

Жоба аясында тұқымдық материалдарды 95–99%-ға дейін тазарту деңгейін қамтамасыз ететін заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен толық қамтылған цифрлық кешен құру қарастырылған. Өңдеу үрдісінде тұқымдарды бөлу, тазалау, өңдеу, дәрілеу және қаптау кезеңдерінен өтеді. Тұтынушыларға отандық және халықаралық сапа талаптарына сай, егіске дайын сертификатталған тұқым материалы ұсынылады.

Зауыттың жармалық тауарлы дақылдар бойынша өндірістік қуаттылығы — сағатына 40 тонна, ал күнбағыс бойынша — сағатына 20 тонна болса, тұқымдық режимде өнімділік жармалық дақылдар бойынша сағатына 20 тоннаға, күнбағыс бойынша сағатына 5 тоннаға дейін жетеді.

Айта кетелік Қазақстан мен Эстония агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді