ШҚО әкімі Даниал Ахметов елді мекендерде мектеп салу мәселесі бойынша құрылыс компанияларымен кездесу өткізді.
«Аталмыш жобаларда өзін көрсете білген, офф-тейк келісімшарттар бойынша жұмыс тәжірибесі бар компанияларды ғана таңдадық. Білім беру саласындағы ахуал мұқият талданып, бірінші кезектегі ауылдар іріктеліп алынды. Бұл өте маңызды. Өйткені құрылыс көбінесе жобалаушылардың кінәсінен кешіктіріледі», - деді аймақ басшысы.
Компания өкілдері өз кезегінде жоспарларымен таныстырып өтті. 15 сәуірде олар облыс әкіміне жұмыстың алғашқы нәтижелерін береді.
«Биыл жаңа заманауи мектептер Ұранхай, Жыланды, Қапай батыр және Жолнұсқау ауылдарында салынады. Содан кейін Кентарлау, Шеңгелді және Малақ ауылдарында құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ құрылысшылармен МЖӘ шеңберінде балабақшалар жобаларына қатысу, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін үйлер салу мүмкіндігі талқыланды», - деді Даниал Ахметов.