Іске асырылған жобалардың қатарында Риддер қаласындағы жаңа көпбейінді аурухана кешені, Алтай ауданындағы МРТ орналастыруға арналған корпус, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Бозанбай, Асубұлақ, Отрадное және Большая Речка ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандары бар.
Аталған жобаларды іске асыру медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің 3,5 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
-Құрылыстың барысы және қалған әлеуметтік маңызы бар нысанның уақтылы іске асырылуы ШҚО прокуратурасының тұрақты бақылауында,-делінген хабарламада.
Осыған дейін қайтарылған активтердің арқасында Алматының 2500-ден астам тұрғыны ауызсуға қол жеткізгені туралы жаздық.