ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, бір жыл ішінде 764 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп бұзған лауазымды тұлғалардың ішінде 401 адам жергілікті атқарушы органдарда, 363-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде қызмет атқарады. 21 адам мемлекеттік қызмет этикасын бұзған.
«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы алкогольді ішімдік ішіп, жанжалға қатысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылған болатын. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Соған орай қызметкер жұмыстан босатылды», - деді департамент басшысы Нұрлан Еркебаев.