Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейдтер жүргізуде.
«Өскеменде 8 наурыз күні 205 нысан тексерілген. Нәтижесінде облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген шектеу режимін бұзудың 8 фактісі тіркелген. Оның ішінде дүкен сатушыларының арасында маска тақпағандар анықталды», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
Ал Семейде мереке күні 299 объектіге тексеру жүргізілген. Рейдтер барысында сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық көліктерде маска режимін бұзудың 15 фактісі тіркеліп отыр.