ШҚО-да «Мерседес» автобусының жүргізушісі өз көлігінде өртеніп кеткен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы Шемонайха қаласында ішінде жүргізушісі болған «Мерседес» шағын автобусы өртеніп кеткен.

Оқиға бүгін түнгі сағат 04.03-те орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру кезінде көліктің салонынан 1987 жылы туған А.В.Борисовтың денесі табылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.