ШҚО-да мотоциклмен аударылып қалған ер адам көз жұмды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында мотоциклмен аударылып қалған ер адам қаза болды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға Ұлан ауданы аумағында болды.

- 51 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны «HUSQVARNA 901 NORDEN» маркалы мотоциклмен Алғабас ауылынан Тарғын ауылы бағытына қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда адам өліміне әкеліп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Көкшетауда полиция мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркілегені хабарланған.