ШҚО-да мүгедек балаларға арналған экологиялық тур іске қосылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы қорының қолдауымен мүгедек балаларға арналған экспериментальды жаңа жоба қолға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Жобаның жетекшісі Татьяна Чернышеваның айтуынша, Ұлан ауданында - ежелгі Ақбауыр обсерваториясы,  Аблаинкит  кешені ескеркіші, Сибин тау алқабы бойынша 2 инклюзивтік экологиялық тур жасалатын болады.

«Біз қазір өздігімен қозғала алатын екі балалар тобын іріктеп жатырмыз. Бірінші күні біздің ерекше туристерімізді Ақбауырға алып барамыз, ал екінші топты - Сибин тау алқабын аралатамыз, кейін бағытты ауыстырамыз. Сосын Сорокин тау етегінде, Құрт тауында тоқтаймыз, Қалбы Алтайға барамыз. Мұндай экотуристік инклюзивтік жоба елімізде бұрын болмаған», - деп мәлімдеді Т.Чернышова.