ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Самар ауданының прокуратурасы инклюзивті білім беретін мұғалімдер құқығының бұзылу фактісін тіркеді.
«Тексеру барысында педагогтерге ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істегені үшін 2020 жылдан бастап 2023 жылдың маусымына дейінгі кезеңде базалық лауазымдық жалақыға төленетін тиісті қосымша ақы қате коэффициентпен есептелген. Соның салдарынан ай сайынғы төлем сомалары төмендетіліп келді», - делінген ақпаратта.
Анықталған бұзушылықтар бойынша Самар ауданының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Оны қарау шеңберінде 209 оқытушыға 20 млн теңгеден астам сомаға қайта есептеу жүргізілді. Осылайша, педагогтардың құқықтары қалпына келтірілді.