— Тексеру барысында 2000-2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық ашылғаны анықталды. Көлдердегі су деңгейі төмен, ағып шығуы еркін жүзеге асуда, — деп мәлім етті ШҚО ТЖД-дан.
Бүгінде жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ.
— Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі, — деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.
Айта кетелік 2100 жылға қарай мұздықтардың 85%-ы жойылуы мүмкіндігі туралы жазған едік.