ШҚО-да нашар жолға байланысты 100-ден астам адам жауапқа тартылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көшелер мен автожолдардың сапасы нашар болуына байланысты жол-коммуналдық органдардың 100-ден астам лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полицейлер 600-ден астам көше менавтожолды тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы 540 нұсқаужазған.

«Полиция және жол қызметтерінің қызметкерлері«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында белсенді жұмыс жүргізіпкеледі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау жұмыстарын жүргізу үшінжергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың бойында уақытша 21 көшпеліпост құрылған. Полицейлер «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдеріменбірге жүргізушілерге жол ережесін сақтау қажеттігін түсіндіріп, оларға жәнежолаушыларға да брошюралар мен ескертпелер таратты», - делінген хабарламада.

Жүргізушілердің көпшілігі жол сапасына көңіл бөлудісұрайды. Облыстағы автожолдардың көпшілігі 70-80 жылдары салынған, көп жерлердежол сапасына қазіргі көлік ағынына сай емес.


Акция қатысушылары биылғы жол құрылысы маусымындареспубликалық маңызы бар автомобиль жолдарды (Алматы - Өскемен, Омбы –Майқапшағай, Таскескен – Бақты, Өскемен - Алтай) жөндеу бойынша ірі жобалардыіске асыру жоспарланғанын айтты. Қазірде олардың кейбірі қолға алынған.

Осы аталған жұмыстар толық бақылауда әрі олардыжақсарту үшін қажетті шаралар қолданылады.

Соңғы жаңалықтар