Несиелік серіктестік «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен тұрғындар арасында делдалдық қызмет атқарып келген. Халық кәсіп ашу үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 3 млн теңгелік несиелерді осы серіктестік арқылы алып отырған. Қарыз күршімдіктер тарапынан уақытылы төленгенімен, серіктестік басшылығы ол ақшаны «Ертіс» ӘКК-ге аударуға «асықпаған».
«Соталды тергеу кезінде несиелік серіктестіктің иесі қалтаға басқан мемлекет қаржысын толық көлемде қайтарды. Сондықтан, оған қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды» - делінген өңірлік Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінде.