Өзенге 4 жастағы бала құлап кетеді. Онымен бірге ойнап жүрген кішкентайлар ересектерді айғайлап шақырғанға дейін 8 жастағы Виктор кішкене баланы батырмай ұстап тұрыпты. Ал шығарып алуға өзінің шамасы жетпеген.
Виктор Новоселов - Семейдегі №40 мектептің 2 «А»-сыныбының оқушысы. Жас құтқарушыға мектеп оқушыларының алдында марапат қағазы табысталды.