ШҚО-да Омбы-Майқапшағай тасжолының учаскесі ашылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Өңірде ауа райының тұрақталуына байланысты Омбы-Майқапшағай республикалық тасжолының учаскесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазавтожол» ШҚОБ ЖШС мәліметінше, 24 наурыз сағат 07.30-дан бастап Омбы-Майқапшағай республикалық тасжолының 587-733 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар облысы мен Семей шекарасы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.