ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан көлік жүргізушілері арасында жол жүрісі ережелерін өрескел бұзатындар тыйылмай тұр.
Талдау көрсеткендей, соңғы 10 күннің өзінде ғана 18 адам жолдың қарсы бағытына шығып кеткен.
Оның барлығы жүргізуші куәлігінен айырылды.
«Мәселен, 13 шілдеде Өскемендегі Назарбаев даңғылында «Киа» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта жүрген. Тәртіп сақшылары оны байқаған соң бірден тоқтатты. Аталған бұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Қала тұрғыны алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды», - делінген ақпаратта.