ШҚО-да өңір тұрғындарынан көп адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокуроратура қызметкерлері талдау жұмыстарын жүргізе келе Шығыс Қазақстан облысында әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны бойынша Астана мен Алматы қалаларынан кейін үшінші орында екенін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы бес жылда 1 626 381 адамның 1 751 636-сы құқық бұзушылық жасағаны анықталып отыр. Бұл көрсеткіш ШҚО тұрғындарының санынан асып кеткен. Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының әрбір үшінші тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлайды облыстық прокуратурадан.

Сонымен бірге, соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда әрбір төртінші кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. Мысалы, 2016 жылы 351 957 тұлға әкімшілік тұрғыда құқықбұзушы болып танылып, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 20%-ға өскен. Тек қана лауазымды тұлғалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны азайған.

«Бес жылда жалпы саны 863 мың адам жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Полиция қызметкерлері Әкімшілік Кодекстің ең «әйгілі» баптарын қолданып, жүргізушілерге айыппұл салады. ШҚО тұрғындарына көлік құралын басқарған кезде ұялы телефонмен сөйлескені, жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны, бағдаршамның тыйым салынған белігісіне өткені және т.б. құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынған», - делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасы  жазалау әрекеттерін жеңілдету үшін «Құқықтық сана - қоғам мәдениетінің көрсеткіші» жобасын әзірлеуде. Кешенді шаралар әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасалуының жүйелі себептерін анықтауға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың жұмысына көзқарас мен қағидаттарын өзгертуге  бағытталған.