ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті ауыздықтауға Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 08.00-де Ұлттық ұланның «Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің механикаландырылған құтқару отряды Бесқарағай ауданына жол тартты. Ұлттық ұланның 70-тен астам құтқарушылары мен 8 арнайы техникасы ТЖД құрамымен бірге Байдәуле орман шаруашылығы ауданындағы өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған», - дейді ҰҰ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-дағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт шыққаны хабарланған.
Бүгін аталмыш аймаққа Көкшетаудан МИ-26Т алып тікұшағы ұшып шыққандығы жазылды.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.