Үйдің жанып жатқанын көршілері кеш байқаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше газ баллоны жарылып кеткен. Салдарынан үй түгел отқа оранып, ауладағы өзге құрылыстарға да тарап үлгерген.
«Өрт сөндірушілер ауызғы үйден 1955 жылғы әйел адамның мәйітін тапты. Отты ауыздықтауға 1 сағат уақыт кетті. Үйдің ғимараты жартылай құлап қалды. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Қайғылы оқиғаға отпен абайсыздық себеп болған деген болжам бар. Электр құрылғысын орнату кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмауы да мүмкін. Екі нұсқа бойынша да тексеру жүріп жатыр», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Иллюстрациялық фото