ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында барак типтес үйлер өртеніп, 4 отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Маяк ауылында болған.
«Өрт сөндірушілер келіп жеткенше тілсіз жау төрт үйді шарпып үлгерген. Қызыл жалын тараған аумақ 250 шаршы метрді құрады. 12 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.