ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай ауданында өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Нұрбол Бекшойнов профилактикалық мақсатта тұрғын үйлерді аралап жүргенде Молдағалиев көшесіндегі жер үйдің аумағынан түтінді көріп, бірден көмекке ұмтылды. Анықталғандай, өрт пеш тұрған жапсыра салынған үйде шыққан.
Үйде 2008, 2010, 2013, 2015 жылдары туған 4 қыз болған. Нұрбол Бекшойнов лезде өрт сөндірушілерді шақырып, балаларды сыртқа алып шықты. Көп ұзамай келіп жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 2 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Жалынның шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Осы ретте құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.