Облыс аумағында бірнеше күн бойы қырық градустық аптап ыстық болуда. ТЖ департаменті хабарлағандай, өрттің шығу ошағы бірден бірнеше ауданда тіркелген. Қазіргі таңда мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің күші мен техникалары 8 учаскеде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Өртті ауыздықтауға 10 өрт сөндіру машинасы тартылып, жеке құрамның 60 адамы жұмылдырылды.