«Шаңғышыларға тауға көтеріліп, сырғанау үшін барлық жағдай жасалады. Демалыс орнының инфрақұрылымы мемлекет бюджеті есебінен жүргізілсе, мейрамханалар, демалыс базалары, қонақүйлер мен ойын-сауық нысандары инвесторлар қаражатына салынады», - дейді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Оның айтуынша, тау шаңғысы курортының жобасын әзірлеу алдағы айларда басталады.
«Дәл осындай ірі курорттарды жобалауға маманданған жобалаушыларды таптық. Сәуірде олар Алматыдан Риддерге келеді. Сонда біз жобаның барлық егжей-тегжейін талқылаймыз. Жобаны іске асырғаннан кейін бұл Орталық Азиядағы ең ірі тау шаңғысы курорты болмақ. Нәтижесінде, өңірімізге қосымша инвестиция тартылып, еліміздегі, жақын және алыс шетелдегі туристер осында ағылады деп сенеміз», - дейді шаһар басшысы.