ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Алтай ауданы Серебрянск қаласында болған.
- Жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық қора-жайда өрт шықты. Өрт қас қағымда үйге де тарай бастады. Құтқарушылар барлау жүргізу барысында түтінге оранған үйдің бөлмесінен 14 жастағы бозбаланы сыртқа алып шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Тексеруден кейін бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 80 шаршы метр тілсіз жау толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Риддерде өртенген үйден 49 жастағы ер адам құтқарылғаны хабарланған.