ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 30 қарашада таңертең Алтай қаласындағы Абай көшесінде жеке тұрғын үй өртенген.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде үйдегі бөлмелердің бірінің қабырғасы және ағаш еден жанып жатқан. Түтін тұмшалаған үйді барлау кезінде құтқарушылар 58 жастағы үй иесінің денесін тапты», - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақты құраған қызыл жалын толықтай сөндірілді. Өртпен күреске жеке құрамнан 7 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Тілсіз жаудың шығуына - отты абайсыз қолдану себеп болуы мүмкін.