ШҚО-да өртеніп жатқан пәтерден мас әйел құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде бүгін түстен кейін Славский атындағы жағалауда орналасқан үйдің 8-қабатынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер пәтердің жабық есігін бұзып жатқанда, басқалары үйден 20 адамды қауіпсіз жерге шығарды, оның үшеуі бала, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Өрт сөндірушілер пәтерден мас жатқан әйелді сыртқа шығарып үлгерді. Зардап шегушіні медицина мамамдары алып кетті, делінген ТЖД-ның баспасөз баянында.

Үйдің өртенуіне шылымның шоғы себеп болуы мүмкін деп болжануда. Жалынды сөндіруге сегіз техника, 21 өрт сөндіруші  жұмылдырылды.