ШҚО-да Өскемен-Алматы тас жолы жабылды, қар құрсауында қалған 60 автокөлікті құтқару жұмыстары жүргізілуде - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында бұрқасынның салдарынан көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы Өскемен-Алматы автожолы жабылды.

Жол бойында қалып қойған 60 машинаны қар құрсауынан құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ауа райы жағдайының нашарлауы себепті қаңтардың 22-сі күні сағат 21.00-де ұзындығы 683 шақырымды құрайтын Өскемен-Алматы күре жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыстарға шектеу қойылған.

«Қазіргі уақытта Аягөз учаскісінде қар құрсауында қалған 20 автокөлікті құтқару жұмыстары жүргізілуде. Көліктер қалып қойған учаскінің маңында асхана мен жанармай құю стансысы бар», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Үржар ауданында Таскескен-Бақты тас жолының Үржар-Бақты бөлігінде тағы 40 автокөлік қар құрсауында қалып отыр. «Адамдар толығымен Мақаншы ауылына жеткізілді. Облыстық маңыздағы Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Ашалы барлығы 98 шақырым жолды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.