ШҚО-да «Өскемен-Тарғын-Самар» жолы жабылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Тарғын-Самар» жолында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше. 11 наурызда сағат 11:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» автокөлік жолының 95-102 км учаскесінде қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысын жүргізуге байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс кезең-кезеңмен жабылады.