ШҚО-да өткен республикалық айтыстың жеңімпазы анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Ақын Хазiрет Бердiқан Қалихан Алтынбаев атындағы республикалық айтыстың жеңімпазы аталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жарма ауданында белгілі қазақ ақыны, прозашы Қалихан Алтынбаевтың 90-жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтуде. Оған ақынның ұлы Қалбай Қалиханұлы мен қызы Алмагүл Қалиханқызы, сондай-ақ бұрынғы әріптестері, елдің зиялы қауым өкілдері қатысуда.

«Туған жер» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан мерейтойлық шаралардың алғашқы күні Қалбатауда Қалихан Алтынбаевқа ескерткіш ашылды. 25 айтысқа қатысқан ақынды еске алу құрметіне республикалық айтыс өткізілді. Оны Жүрсін Ерман жүргізді. Жарысқа елдің әр өңірінен 12 ақын қатысты. Жеңіс Қазірет Бердіхановқа берілді.

Еске салсақ, ақын, прозашы, суырып салма ақын, өлкетанушы Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаевтың шығармашылығы ШҚО Көкпекті ауданымен тікелей байланысты. Ол туындыларына өз өлкесінің сұлулығын арқау етті. Қазір Қалбатауда ат жарысы өтуде. Аламан бәйге (25 шақырым) жеңімпазы көлік алады. Бәйге құнан және жорға жарыстарының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.