ШҚО-да өткен тәулікте 117 адам қар құрсауынан құтқарылды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 117 адам қар құрсауынан құтқарылды. ШҚО күре жолында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады ШҚО ТЖД.

«Омбы-Майқапшағай» жолында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің» құтқарушылары бірден Байбора, Даубай учаскелерінде адамдарға көмек көрсетті. Көкпекті ауданында өрт сөндірушілер шынжыр табанды техника көмегімен қар құрсауын бұзып, арнайы техникамен адамдарды эвакуациялады. Құтқарылғандар саны -93.

Жарма ауданында «Алматы-Өскемен» тас жолынан Аршалы ауылы ауданында қар құрсауынан 24 адам құтқарылды, олардың 3-еуі бала. Ешкім зардап шеккен жоқ. ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта облыстық және республикалық маңызы бар бірқатар жол жабық. Синоптиктердің хабарлауынша, боран жауын-шашынға ұласып, жылбысқы қар жауады.