Шемонаиха аудандық ІІБ-нің «102» нөміріне ауылдың шетінен нәрестенің мүрдесі табылғаны туралы дабыл түскен болатын. Сақшылар жедел әрекет етіп, баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтаған.
«Әйелдің үстінен Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша нәрестені өлтірді деген айыппен соталды тергеу басталды. Істің анық-қанығын нақтылау үшін тиісті сараптама тағайындалды» -делінген департаменттің мәліметінде.