ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы Переплюк өзенінің арнасына мұз қатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзендегі мұздың қатуынан ауылдағы бес ауланы су басу қаупі туындаған.
«Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері су басудың алдын алу үшін инертті материал салынған ыдыс-қапты өзен бойына төседі. Барлығы 50-ден астам ыдыс-қап төселген. ТЖБ және әкімдік қызметкерлері өзен маңында бақылау жұмысын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте құтқарушылар аудан тұрғындарына жер үйлерінің аумағын уақытылы қардан тазартып, арыққа қоқыс тастамау керектігін ескертеді.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.