ШҚО-да өзендер арнасынан асып кетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында өзендер арнасынан асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«15-17 наурыз аралығында күннің күрт жылуына, жауын-шашынның түсуіне, кей жерлерде нөсер жаууына байланысты Шығыс Қазақстан облысында қар тез еріп, мұз көбесі сөгіледі, сондай-ақ тау бөктерлерінен қарғын су ағып, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал», делінген синоптиктер болжауында.