Таратылған мәліметке сәйкес, алдағы үш тәулікте Жайық, Сырдария өзенінің төменгі ағысында және Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде мұз қатпарлары бұзылып, су деңгейлері қалыпты жағдайынан ауытқиды.
ШҚО-да қардың жылдам еруі салдарынан өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының кіші таулы өзендерінде күннің жылынуынан және күтіліп отырған жауындарға байланысты су көлемі ұлғайып, кейбір өзендерде қар мен жаңбыр суының тасқыны болуы ықтимал.
Республиканың батыс, орталық және шығысындағы сулы нысандарда біртіндеп көктемгі үдерістер көрініс бере бастайды. Елдің тек солтүстігіндегі өзендерде қысқы режім сақталады.