ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспаөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1-4 сәуір аралығында өңірде ауа температурасы күрт жылынады деп күтілуде.
«Соған байланысты қар жылдам қарқынмен еріп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, қызыл су жүруі мүмкін. Яғни көшелерді, үйлерді су басу қаупі жоғарылайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, ТЖД азаматтарға бірқатар кеңес берді:
- Үй маңын қардан тазартып, арық пен бұлақ арналарын бітеп тастамау қажет.
- Жағдай ушыққанда эвакуациялауға дайын болу, малды қауіпсіз жерге апару.
- Құжаттарды, қажетті заттарды, дәрі-дәрмекті дайындап қою керек.