ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай ауданындағы патронат отбасында тәрбиеленген кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс мәресіне жетті.
Бұл қылмыстың ашылмай келе жатқанына біраз уақыт өткен. Бұған көптеген мән-жайдың анықталмауы себеп болды.
«Баланың өліміне патронаттық отбасындағы 27 жастағы туысының қатысы бары белгілі болып отыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған істің соңғы шешімін алқабилер соты шығарады. Егер күдіктінің қылмыс жасағаны дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.