ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде Косарев көшесіндегі көпқабатты үйдегі пәтерде пешке қойылып ұмытылып кеткен тамақ өрттің шығуына себеп болды. Өрт сөндірушілер келіп жеткенде үй ішінде ешкім жоқ болып шыққан. Түтін үй кіреберісіне көп таралмағандықтан тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады.
«2022 жылдың басынан бері құтқарушылар осындай жағдайларға 54 рет барды. Пеште тамақты ұмыт қалдыру өте қауіпті. Балалар, қарттар, тыныс алу аурулары бар адамдар түтіннен зардап шегеді. Тамақты пешке қойып ұйықтап жатқан азамат ешқашан оянбай қалуы мүмкін», - деп ескертті құтқарушылар.
Еске салайық, пеште қалдырылған тамақтан өрт шықса ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша ескерту жасалады немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде (1 АЕК – 3180 теңгеге тең) айыппұл салынады.