ШҚО-да Pfizer вакцинасын 119 мың адам салдырады деп жоспарланған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 119 мың адам салдырады деп жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда өңір елімізде вакцина салдыру көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Екпеге қарсы көрсетілімдері жоқ халықтың 99,7 пайызы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

«Облыс бойынша 343 стационарлық кабинет, екпе алуға болатын жылжымалы пункттер жұмыс істеуде. Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін 39 аурухана бөлімі бар. Қажет болған жағдайда тағы 8000 төсек-орын дайын тұр», - делінген ақпаратта.

Жуықта өңірге Pfizer вакцинасының 35 мыңнан астам дозасы жеткізілген. Бұл екпе жоспар бойынша Шығыс Қазақстандағы 119 мың адамға салынуы тиіс.