ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 4 мыңға жуық адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді. Оның ішіндегі 56 науқаста ауру симптомдары байқалып отыр.
«Бір күн ішінде 27 пациент толықтай сауығып шықты. 4 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта облыс стационарларында 542 адам емделуде», - делінген ақпаратта.
Жасөспірімдерді, жүкті және лактация кезеңіндегі әйелдерді америкалық Pfizer вакцинасымен егу науқаны жалғасуда. Бүгінде осы санаттардағы 3930 адам екпе салдырған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.