ШҚО-да пневмониямен ауырғандар саны 2,3 есе өсті

Фото: Фото: freepik.com

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында биыл пневмониямен ауырғандар саны 2,3 есеге өсіп кетті.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері өңір бойынша 5000-ға жуық адамға «пневмония» диагнозы қойылған. Оның ішіндегі 88 науқас көз жұмды.

- Биыл пневмонияға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артты. Көбінесе бұл ауру бактериялар мен вирустардан тарайды. Алайда кейбір жағдайларда саңырауқұлақтар мен паразиттер де адамдардың пневмониямен ауруына себеп болып жатады, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жыл басынан бері облыста коронавирус инфекциясының зертханалық расталған 54 дерегі анықталды.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да 60-қа жуық дәрігер Түркия, Германия елдерінде біліктілік арттыратындығы хабарланған.