ШҚО-да полицейдің әйелі мен балалары өлі күйінде табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда полицейдің жұбай мен екі қызы өлі күйінде табылды, деп жазды yk-news.kz.

Қайғылы оқиға 10 тамыз күні Қатонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында болған. Жергілікті полицей жұмыстан келіп, әйелі мен екі қызын өлі күйінде тапқан. Оның он жастағы үлкен қызы мен сегіз айлық сәбиі, алдын ала нұсқа бойынша, пышақталып өлтірілген. Ал 34 жастағы жұбайы сымда асылып тұрған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бейресми деректерге қарағанда, әйел балаларын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Болсыновтар (аттары өзгертілді) отбасын Үлкен Нарында жақсы біледі. Ринат - АІІБ қызметі, ал оның жұбайы Айдана ауылдық лицейде информатика және физика пәні мұғалімі болып жұмыс істеген. Екінші сәбиінің өмірге келуіне байланысты Айдана декреттік демалыста болған.

ШҚО ІІД мен облыстық прокуратура осы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Алдын ала нұсқа бойынша, полицейдің отбасына қастандық жасалуы мүмкін. Бірақ үйден ештеңе жоғалмаған.

«Осы факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. ШҚО прокуратурасы бұл істі ерекше бақылауына алды. Процессуалдық прокурор тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Біздің қызметкерлер әр нұсқаны жіті бақылауға алды», - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкері әйелінің өз-өзіне және балаларына қол салуына ешқандай себеп болмағандығын алға тартып отыр. Қаза тапқан әйел жұмыс істеген лицейдегілер оның нағыз кәсіпқой маман болғандығын айтуда. Олардың үлкен қызы - Айжан туралы да жақсы пікірлер білдіруде. «Баланың ешқандай проблемасы болған жоқ», - деді мектеп психологы.