Ауылдық жерде тұратын 52 жастағы тұрғынның үйін тексеру кезінде полицейлер қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі. Олардың қатарында тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтан жасалған бір ұңғылы кесінді, сигналдық револьвер және 50-ге жуық патрон бар.
Ер адам қару мен оқ-дәрілердің қайтыс болған ағасынан қалғанын айтқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау және алып жүру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Айта кетелік Ұлытау облысында 38 келі марихуана мен қару-жарақ табылған еді.