Анықталғандай, аудандық ауруханада диспансерлік есепте тұрған 811 азамат мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде қажетті дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз етілмеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылды.
— Пациенттер қажетті дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етіліп, азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Прокурордың ұсынысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың денсаулығын сақтауға арналған конституциялық құқықтарының сақталу мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Прокуратура жыл сайын 1 миллионнан астам баланың құқығын қорғайды.