ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында психотроптық заттарды сатумен айналысқан наркологиялық емхана қызметкеріне қатысты қылмыстық із қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлар мен ішімдікке берілген адамдарды оңалтумен айналысатын жекеменшік емхана қызметкерін қолға түсірді.
26 жастағы ер адам психотроптық заттарды заңсыз сатып, пайда тапқан.
«Күдіктінің көлігін тінту барысында тергеушілер бірқатар препаратты тапты. Сондай-ақ оның жұмыс орнынан психотроптық заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», - дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Сағат Мадиев.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.