ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні аясында диспетчерлер мен радиотелефоншы әйелдер арасында байқау өтті.
Басты шарт – шұғыл жағдайда көмек сұраған азаматтармен сауатты, сабырлы және нақты сөйлесе білу.
Құтқарушылар мен қазылар алқасы диспетчерлер мен радиотелефоншылардың дауыстарын тыңдап шықты.
Байқауды қиындату үшін айтылуы қиын сөздермен сөйлеу талабы қойылды.
Жарысқа 100-ден астам нәзік жан қатысты.
«Телефонның арғы жағында қандай да бір қиындыққа тап болған адам тұрады. Осы байқау арқылы біз өз қызметкерлеріміздің сондай сәттерде қалай жұмыс істейтіндіктерін тексердік», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Семей қаласындағы диспетчер Валерия Кремнева танылды.
Ол тапсырмаларды барынша жедел және нақты орындады.