ШҚО-да Ресей азаматы атаулы әлеуметтік көмек алып келген

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанның Риддер қаласындағы жұмыспен қамту саласының мамандары Ресей азаматына атаулы әлеуметтік көмек тағайындап жіберген. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шығыс - адалдықалаңы» жобалық кеңсесінде жемқорлықмәселелері талқыланған болатын. Аталмыш жиында атаулы әлеуметтік көмектағайындау кезінде кеткен заңсыздықтар туралы да айтылды.

Мысалы, Ресейазаматы жергілікті мамандардың аңқаулығын пайдаланып, 226,7 мың теңге алыпүлгерген. Заңсыздықты арнайы тексеру анықтап отыр.

Облыстық жұмыспенқамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ерболат Ошақбаевтыңсөзіне қарағанда, АӘК тағайындау бойынша Семей қаласы мен Абай, Аягөз,Бесқарағай, Зайсан, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарындазаңсыздықтар анықталған.

«Үйдегі еңбеккежарамды адамның мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартқанына қарамастан, көмектағайындау жайттары тіркеліп жатыр. Отбасы әкімдікпен әлеуметтік келісімшартқаотырмаса да, көмек тағайындау орын алған. Заң бойынша үйдегі ересектер ұсынғанжұмыстан бас тартса, көмек тек балаларға ғана берілуі керек. Зайсан, Тарбағатайаудандарында осы шартты ескермей, 225 мың теңгені артық төлеген 5 оқиғатіркелді», - дейді басқарма басшысы.

Ал Риддер қаласында сала мамандары Ресейазаматына да атаулы әлеуметтік көмек тағайындап жіберген.

«РесейФедерациясының азаматы 226,7 мың теңгені заңсыз алғаны анықталды. Қазір бұлақшаның бәрі бюджетке қайтарылды. Жалпы анықталған заңсыздықтар бойынша барлығы1,3 млн теңге қайтарылды», - дейді Ерболат Ошақбаев.

Басқарма басшысыныңайтуынша, мұндай заңсыздыққа техникалық қиындықтар себеп болған.

«Алғашында атаулыәлеуметтік көмекке үміткерлердің саны өте көп болды. Салдарынан жүйеқайта-қайта істен шығып, шатасу орын алған. Тарбағатай, Зайсан аудандары менРиддер қаласындағы заңсыз тағайындаулар дер кезінде күшін жойды. Дегенмен, адам факторы болғанын да жасырмаймыз.Жеке сәйкестендіру нөмірін қате теру салдарынан да қателіктер кеткен», - дедіол.

Ерболат Ошақбаевжалған ажырасу арқылы әлеуметтік көмек алғысы келгендердің әрекеті деәшкереленгенін айтады.

«Өскемендік әйелотбасына алимент ретінде 18 мың теңге ғана кіріс кіретінін айтып, өтінішжазған. Учаскелік комиссия ерлі-зайыптылардың іс жүзінде ажыраспағанын анықтапшықты. Көршілері де растаған. Кейін тіпті отағасы айына 600 мың теңге табатыныбелгілі болды. Алимент мөлшерін нотариустік келісім арқылы 18 мың теңге депрәсімдеп, өтініш өткізген. Негізінен жұбайлар шынымен ажырасқан болса, алиментмөлшерін сот анықтау керек еді», - дейді шенеунік.

Жалпы ШҚО бойыншаатаулы әлеуметтік төлемдер үшін биыл 7,1 млрд теңге бөлінген. Оның 6,4 млрдтеңгесі республикалық бюджеттен алынған.

Соңғы жаңалықтар