Бұл туралы Көкпекті ауданының «Жұлдыз» және «Новая жизнь» басылымдарының директоры Дархан Бердібекұлы хабарлады.
«Республикалық ақындар айтысы 16 қарашада өтеді. Сөз додасына елімізге белгілі Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Тоба Өтепбаев, Оңғар Қабден, Марат Ахметов, Нұрлыбек Құрманов, Манарбек Сатыбалды, Жасұлан Мақаев секілді ақындар қатысады. Айтысты Жүрсін Ерман жүргізеді», - дейді Дархан Бердібекұлы.
Айтыс аудандық Мәдениет үйінде сағат 14:30-да басталады.
Айта кетсек, айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев республикалық айтыстардың жеңімпазы. 1927 жылы 27 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданындағы Малай ауылында дүниеге келген. «Ақындар жыры» (1961), «Айтыс» (3 том, 1966), «Ақындар шықты айтысқа» (1969), «Қазақтың қазіргі поэзиясы» (1975) жинақтарының, «Дала бесік», «Қиял қанатында» жыр жинақтарының, «Қалбатау», «Ақсуат», «Көкпекті» танымдық зерттеу кітаптарының авторы.